01.04.2021, 19:21 8486

Алматының бизнес-қоғамдастығы жаппай вакцинацияға қатысады

Жаппай вакцинациялауға дайындық аясында бизнес логистика мен вакциналарды сақтауды ұйымдастыруға, әр ауданда тартымды жерлерде ашылатын егу пункттерін құруға қатысады.
АЛМАТЫ. 1 СӘУІР - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың іскерлік кеңесінің қатысушыларымен кәсіпкерлік қоғамдастықты қолдау және алдағы вакцинация науқанына дайындық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Іскерлік кеңес мүшелері кәсіпкерлік қоғамдастықты қолдау шаралары, тұрғындарды вакцинация туралы ақпараттандыру, кәсіпкерлік нысандары үшін "денсаулық паспорттарын" әзірлеу мәселелерін талқылады.
 
Қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, сервис салаларында жұмыс істейтін ШОБ қызметкерлерін вакцинациялау оларға карантиндік шараларды сақтау шартымен кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
 
Жаппай вакцинациялауға дайындық аясында бизнес логистика мен вакциналарды сақтауды ұйымдастыруға, әр ауданда тартымды жерлерде ашылатын егу пункттерін құруға қатысады. Шамамен 300 пункт құру жоспарлануда.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Алматыда індет басталғаннан бері коронавирустық инфекциямен 34 598 жағдай тіркелген. Оның ішінде соңғы тәулікте - 515 жағдай.
 
100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 1675,1. Соңғы 7 күнде сырқаттанушылық көрсеткіші R - 1,114 репродуктивті санында 149,4 құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны