05.04.2021, 18:30 9942

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерге енді цифрлық құжаттарды пайдалануға болады

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.
НҰР-СҰЛТАН. 5 СӘУІР - Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, "Air Astana" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады", - деп хабарлады ААК баспасөз қызметінде.

 
EgovMobile-дағы "цифрлық құжаттар" қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша "Е-document" бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.
 
Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.
 

Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады", - деп қосты баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны