24.05.2021, 23:30 7022

МКК Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі аяқталғаны туралы хабарлады

Қазақстан Республикасының аумағында "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде импорт пен экспортқа шығу кезегі жоқ.
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, бейтарап жолақта автокөлік құралдарының жиналуы жоқ, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу пунктінде Ресей Федерациясының аумағында жүк автомобильдерінің жиналуы 5 бірлікті құрайды. Бейтарап жолақта автокөлік құралдарының жиналуы жоқ", - делінген МКК хабарламасында.

 
Сондай-ақ, ведомство Қазақстан Республикасының аумағында "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде импорт пен экспортқа шығу кезегі жоқ екенін нақтылады.
 
Бұған дейін ведомство 21 мамырдағы жағдай бойынша Ресейдің Маштаково автомобиль өткізу пунктінде Ресей аумағында 365 бірлік көлемінде жүк көліктерінің жиналғаны туралы хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны