01.09.2021, 19:30 7710

"Біз сыртқы қатерге дайын болуымыз керек" - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Ауғанстандағы жағдай мен жаһандық шиеленістің артуы Қазақстанның алдына қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қайта жүктеу міндетін қойғанын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ауғанстандағы ахуал және жаһандық шиеленістің күшеюі бізге қорғаныс өнеркәсібі кешенін және Әскери доктринамызды толығымен қайта қарауға міндеттейді. Қорғаныс қабілетімізді нығайтып, қауіп-қатерлерге жедел үн қату мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуға тиіс. Біз сыртқы қатерге және оқиғаның қалай өрбуіне де дайын болуымыз керек. Сырттан төнетін қауіпті модельдеу айрықша өзектілікке ие болуда", - деді Тоқаев.

 
Оның пікірінше, стрес-тест өткізіп, сценарийлер дайындаған жөн. Соның негізінде мемлекеттік аппараттың іс-қимыл жоспары әзірленіп, түзетіліп отыратын болады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны