14.10.2021, 20:13 42690

Медеу - Шымбұлақ бағытында электр автобустар іске қосылады

13 орындық SAIC MAXUS EV90 экологиялық көлігінің бір реттік қуаты 260 – 280 км дейін жүруге жетеді.

АЛМАТЫ. 14 ҚАЗАН - Алматыда 14 қазаннан бастап "Медеу-Шымбұлақ" бағытында екі электр шағын автобусы қатынай бастайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Оператор РОП" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 орындық SAIC MAXUS EV90 экологиялық көлігінің бір реттік қуаты 260 – 280 км дейін жүруге жетеді. Электр шағын автобуспен жол жүру құны 500 теңге. Зейнеткерлер мен жеңілдік санаттары бар азаматтар үшін жолақысы 250 теңге. Ал 7 жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жол жүру тегін.

Осылайша "Медеу" мұз айдыны мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты аймағында JAC iEv7S маркалы сегіз электромобиль және SAIC MAXUS EV90 екі электрмикробусы қатынап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны