13.01.2022, 14:19 50421

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілді
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚАҢТАР - Нұр-Cұлтанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаладағы шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елордада карантин "Омикрон" SARS-CoV-2 штаммының айналымына, Нұр-Сұлтан қаласының халқы арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайының тіркелуінің қарқынды өсуіне және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына өтуіне байланысты күшейтілуде.
 
Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы тиіс:
 
- бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және оларға қатысуға, "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу өткізуді қоспағанда, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар, форумдар, семинарлар, конференциялар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салу;
 
- қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған объектілерге: боулинг-орталықтары, компьютерлік клубтар, PlayStation клубтары, бильярд, океанариум, батуттар, букмекерлік кеңселер және ойын клубтары, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтары, балалардың ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондары, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға бармау ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), концерт залдарына, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, караоке, цирктер, түнгі клубтарға баруға тыйым салу;
 
- "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін "Ashyq" мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформалар арқылы (мысалы, EGOV mobile, Аitu платформасындағы аналогы, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк, сайт www.ashyq.kz) пайдалану қажет;
 
- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
 
Сонымен қатар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның болуына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру талабы енгізіледі.
 
Бұдан басқа, меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінде 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін қашықтықтан оқыту форматында оқытуды ұйымдастырылады.
 
ЖОО-дары мен колледждердің жұмысын барлық курс студенттері үшін 2022 жылғы 24 қаңтардан 6 ақпанға дейін қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастыруды қамтамасыз етіледі.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. 
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны