17.06.2022, 16:08 27701

Жаңа Алматының символдарын саусақпен санауға болады - Досаев

Жаңа Алматының символдарын саусақпен санауға болады - Досаев
АЛМАТЫ. 17 МАУСЫМ - Алматыда қаланың жаңа бас жоспары әзірленуде. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев XVIІ қала құрылысы форумында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазір, қалалық әкімдік басшысының айтуынша, Алматы бұрын салынған сәулет жетістіктерімен өмір сүруде.
 

Біз оларды әрлейміз әрі ретке келтіреміз. Шын мәнінде, жаңа Алматының, жаңа Қазақстанның символына айналған нәрселер саусақпен санарлықтай ғана. Мен қалада олардың көп болғанын қалаймын. Ол үшін біз жағдай жасаймыз, тұрғын үй құрылысының шекарасын нақты бөлуіміз керек", - деп атап өтті Досаев.

 
Оның айтуынша, қала "қалай дамығаны жөн" осыны анықтау қажет. Әр қала өзінің даму жолын таңдайды. Алдағы дүйсенбіде қалаға қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мәслихат отырысы өтетін болады. 
 
Мегаполис басшысы атап өткендей, түзету 2002 жылы бекітілген бас жоспар негізінде жүргізілді. 
 

20 жыл ішінде қаланың өзі ғана емес, экономиканың құрылымы, Алматы облысы, тіпті жаңа шекаралардың да өзгергені түсінікті. Көкжиектер өзгеруде, біз қаланы және оның дамуын қалай көрсететініміз тұрғысынан қолайсыз", - деді қала әкімі.

 
Болжам бойынша, 2030 жылға дейін Алматы агломерациясының халқы шамамен 4,5 млн адамды құрайтын болады. Осыны және урбанизациялауды жедел дамыту жөніндегі болжамдарды ескере отырып, жаңа бас жоспар әзірленуде. Ол 2040 жылға дейін есептелген. Әзірлеуді осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
 

Бас жоспарға сәйкес қала үшін жарғы немесе кодекс болуы керек және ол қатаң сақталуы тиіс. Сонда ғана қаланың өзі де әрі оның одан әрі дамуы туралы көзқарас пайда болады", - деп атап өтті Досаев.

 
Ол 2023 жылдан бастап сәулет бейнесіне конкурс жарияланатынын айтты.
 

Қала ең жақсы жобаларды таңдауға құқылы болады. Бізде компаниялар үшін жобалары бар жер аукциондары ұйымдастырылады. Ең жақсы жобаны кім ұсынады, қала соған артықшылық береді. Біз жобаны мақсатты түрде алғымыз келеді. Оның үстіне, мен жеке инвестициялардың рөлін арттыруды қалаймын, сондықтан жеке меншік иелері қалаға, елге ғана емес, өздері үшін де қалатын активті алғысы немесе салғысы келеді", - деді қала әкім. 

 
Ол бас жоспарды жүзеге асыру - ондаған жылдарға арналған міндет екенін атап өтті.
 

Біз Еуропаға барып, ондағы сан ғасырлар бұрын салынған сәулет құрылыстарын көріп, таң қаламыз әрі сөз етеміз. Мен Алматы туралы да осындай сөздердің айтылғанын қалаймын", - деп түйіндеді қала басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны