Іле-Алатау паркін экстремалды мотогонщиктер қиратуда
Сурет: Depositphotos
Ұлттық парк аумағына мотоциклмен кіруге рұқсат бар. Олар да өзге көліктер сынды парк аумағындағы жалпыға ортақ жолмен жүрулері керек. Алайда мотоцикл мінгендер заңды жиі бұзады. Сай-сала, су арналарымен жүйіткіп, субальпілік белдеуге көтеріліп, өсімдіктерді таптайды.
Ұлттық парк аумағында сарыбас қурай, Алатау бәйшешегі сынды еліміздің Қызыл кітабына енген қырыққа жуық шөп түрі өседі. Ал мотоцикл ойқастап өткен жердің топырағына орасан зор зиян келіп, 3–4 жылға дейін шөп шықпай қалуы мүмкін", - деді тілші Алмас Садуақас.
Мототехниканың бағыт-бағдарын қадағалау қиын. Бақылау бекеттерін айналып өтетін әрекеттер жиі кездеседі. Ерекше қорғалатын табиғи аймақта екі мыңнан астам өсімдік түрі өседі. Сүтқоректі жануарлардың 48 түрі мекендеп, құстардың 198 түрі кездеседі. Жотаға өрмелеп шығатын мотобайктердің жөнсіз жүрісі парктегі тыныштықты бұзатыны ақын. Мамандырдың пікірінше, мототехника иелерін жауапқа тартатын арнайы бап енгізу керек.
Бұлардың дауыстарының күшейткіштері. Бір адам ғана жүрмейді. Топталып жүретіндіктен тауды жаңғырықтырып, қатты шу шығарады. Бұл шудың әсерінен жан-жануарлардың үркуі орын алуы мүмкін. Миграция жасап үдере көшіп, ауып кетуі мүмкін. Мысалы, құстар балапандап жатқан аймақтарда жүретін болса ол жерден олардың да орын ауыстыруы мүмкін", - деді "Іле Алатауы" мемлекеттік ұлттық-табиғи паркінің ғылыми қызметкері Тұңғыш Жаппарқұлов.
Бұл мәселе бір де бір нормативтік-құқықтық құжатта көрсетілмеген. Тауда, әсіресе ұлттық парк аумағында мотоцикл немесе квадроциклмен жүретіндерге қатысты тәртіпті қатаңдатып, мемлекеттік тіркеу номерлерін тағуды міндеттеу керек. Бұған қоғам назарын аудару қажет", - деді экобелсенді Тимур Елеусізов.
Жалпы жыл басынан бері мотоциклмен ұлттық паркке заңсыз кіру бойынша 15 дерек анықталып, 5 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынды. Бірақ тәртіпке бағынбай, орманшыларға ұстатпай, қашып кететін оиқағалар бұдан әлдеқайда көп.
Ақпарат көзі: 24.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.