14.10.2022, 14:06 15336

Дәрігерлер Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалатынын айтты

Қалада риновирустар, РС вирусы, парагрипп вирусы және маусымдық коронавирус сияқты жедел респираторлық вирустық инфекциялар таралған.
Дәрігерлер Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалатынын айтты
Сурет: Depositphotos
Алматы. 14 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда өткен аптада ЖРВИ-дің 28 586 жағдайы тіркелді, науқастардың басым бөлігі - балалар, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.
 

Зертханалық мониторингке сәйкес, қалада риновирустар, РС вирусы, парагрипп вирусы және маусымдық коронавирус сияқты жедел респираторлық вирустық инфекциялар таралған", - деп атап өтті департамент басшысы.

 
Ол алдағы 2021/2022 жылғы эпидемиялық маусымда айналымда тұмау вирусының А (H1N1), A (H3N2) және В типті штамдары өзекті болатынын атап өтті. Сондықтан тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі - дер кезінде оған қарсы вакцина алу.
 

Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды, сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда қазан-қараша айларында тек ағымдағы шығарылған жылғы вакцинамен ғана алу керек", - деп кеңес берді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

 
Оның айтуынша, ағымдағы жылда тәуекел тобындағы адамдарға жергілікті бюджеттен Ресейде өндірілген тұмауға қарсы үшваленнтіағымдағы жылдың штамы бар "Гриппол Плюс" вакцинасының 130 000 дозасы сатып алынды. Сонымен қатар қосымша 80000 доза вакцина сатып алынады. Осылайша, ағымдағы эпидемияға дейінгі маусымда сатып алынған вакцинаның жалпы көлемі 210 000 дозаны құрайды.
 
Вакцина алғаннан кейін иммунитет 14 күннен кейін қалыптасып тек қана маусым бойы сақталады (1 жылға дейін). Қауіпсіз және тиімді вакциналар қолжетімді және 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.
 
Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинаны 125 мыңнан астам алматылық алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны