26.01.2023, 08:32 53306

"Екібастұзтеплоэнерго"-ға тексеруден кейін айыппұл салынды

Айыппұл сомасы бір миллион теңгеден асты
"Екібастұзтеплоэнерго"-ға тексеруден кейін айыппұл салынды
Сурет: ortcom.kz
Екібастұз. 26 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС екі әкімшілік бап бойынша жазаланды.

Технологиялық бұзушылықтың себептерін тергеу үшін Екібастұз ЖЭО-да екі комиссия құрылды. Біріншісі - ЖЭО-да, екіншісі - жылу желілерінде бұзушылықтарды зерттеді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұз ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтың себебі химиялық цех персоналының импульстік желісінің қатып қалуына байланысты болды. Мұнда жылу желісінің кері құбырындағы қысымның электрконтактілі манометрінің дұрыс көрсетілмеуіне орай қоректендіру сорғыларын қате қосқан", - деп хабарлады Атом және энергетикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Ринат Кәкімжанов.


 "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС екі әкімшілік бап бойынша жауапқа тартылды.

Біріншіден, әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша. 300-ші бап бойынша - электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың бекітілген ережелерін бұзғаны үшін, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану, энергия тұтынудың белгіленген режимдерді бұзса, сондай-ақ 301-2-ші бапта технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзғаны үшін айпталды.

Осыдан кейін ЖШС жоспардан тыс тексеруден соң ҚР ӘҚБтК 300-бабы бойынша жазаланды.

Істер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдар сомасы 1 110 750 теңгені құрады.

Қаңтар айының соңына қарай Екібастұзда тұтынушыларды жылумен жабдықтау жөніндегі станция жұмысының неғұрлым тұрақты режимін қамтамасыз ету жоспарлануда.

Екібастұзда 2022 жылғы 27 қарашада зақымданған жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Төтенше жағдай қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. Апаттың алғашқы сағаттарында жылу желілерінде 70 үзіліс болса, оның 15-і ірі көлемде болған. Тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Технологиялық бұзушылық кезінде қаладағы 689-дан 149 көпқабатты тұрғын үй, сондай-ақ 200-ге жуық жеке үйлер мен 10 мектеп пен балабақша жылумен жабдықтаусыз қалды. Қалада төтенше жағдай жарияланды. Әлеуметтік орталықтардың кейбір балалары мен аурухананың кейбір пациенттерін эвакуациялауға тура келді. Балабақшалар жұмысын тоқтатты, ал оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.

Ақпарат көзі: pavlodarnews.kz

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны