30.01.2023, 15:54 75521

Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ

Иранда зардап шеккендердің арасында ҚР азаматтары жоқ - СІМ
Сурет: gov.kz
Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ

Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыс кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Иран билігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ", - деді ҚР СІМ ресми өкілі.


Еске салсақ, сенбі күні Иранның солтүстік-батыс 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Оқиғаның салдарынан екі адам қаза тауып, 816 адам зардап шеккен.

Сонымен қатар, дәл сол күні Иранның әскери инфрақұрылымдарында бірнеше қуатты жарылыс болды.

Атап айтқанда, Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майын шығаратын ірі зауыт өртенді.

Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуыл жасаған.

Сонымен қатар Иранның батысындағы Дизфуль қаласында авиабазада жарылыс болып, елдің батысындағы Хамадан мен солтүстігіндегі Решт қалаларында өрт болған.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасалған.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны