05.05.2022, 18:34 19971

БҒМ-ге бір апта ішінде 65 мектеп асханасы мен дәретхананың нашар жағдайына 400-ден астам шағым түсті

БҒМ-ге бір апта ішінде 65 мектеп асханасы мен дәретхананың нашар жағдайына 400-ден астам шағым түсті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - Бір апта ішінде Білім және ғылым министрлігіне "Мектептің жақсаруына көмектес!" ұранымен өтетін "Балаға лайық" акциясы аясында 65 мектеп дәретханасы мен асханасының нашар жағдайына 400-ден астам шағым түсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бірінші кезең 2022 жылғы 27 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.
 

Бірінші аптада WhatsApp және Telegram арналарымызға 65 нысан бойынша 400-ден астам хабарлама, фото және бейнематериалдар келіп түсті. Өтініштердің басым бөлігі Түркістан, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан түсті", - деп хабарлады ҚР БҒМ.

 
Ведомствоның ақпараты бойынша, акция бір апта бұрын басталса да, оқушылар мен ата-аналар сәйкессіздіктер туралы ақпаратты белсенді түрде жіберіп жатыр.
 

Біз түскен өтініштің барлығын есепке аламыз. Тұрғындар гигиеналық құралдардың, жуынатын бөлмелерде қалқалардың болмауы, жылы дәретханалардың жоқтығы, салқын немесе дәмсіз тағамдар және т.б. туралы хабарлап жатыр. Сонымен қатар олар үлгілі, талапқа сай келетін нысандар туралы ақпарат жіберіп жатқаны қуантады", - деп атап өтті БҒМ.

 
Ведомствода акция мектеп әкімшілігін жазалау мақсатында емес, жағдайды бірлесіп жақсарту мақсатында өткізілетінін атап өтті. 
 

Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында болғандықтан, түсіп жатқан ақпараттарды соларға жібереміз. Бүгінгі күні барлық ескертуді жою бойынша аймақтармен қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп айтты ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

 
Министрлікте акцияға мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалар қатыса алатынын еске салды. Сонымен қатар, мектептер мен колледждерде WhatsApp 8 700 699 04 46 және Telegram-ботқа сілтемелері бар QR-кодтар орналастырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны