03.03.2021, 18:19 9328

Нұр-Сұлтанда COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады

Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта" тұр.
Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында қалада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда мамамен 34%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта қалада эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша матрицаға сәйкес апталық қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда – 53,96. Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта" тұр", - деді брифингте Нұр-Сұлтанның Бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

 
Қалада барлық жастағы және контингенттер арасында CОVІD-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Биыл барлығы 6 707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы тіркелді және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайы ПТР-тестінің теріс нәтижесімен тіркелді.
 

Тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 симптоматикалық жағдай, 31 симптомсыз түрі. Сол сияқты 73 ошақ анықталды, оның ішінде: 54 үй, 19 ұйым. Сонымен қатар, симптомдары бар науқастардың үлесі қаңтар айындағы 65,2%-дан ақпан айында 68,09%-ға дейін өсуі байқалады, атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптомдармен сырқаттану 3,5%-ға өсті", - деді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

 
Жұмыс істейтіндер жұқтыруға неғұрлым бейім болып саналады, олар жалпы сырқаттанушылықтың 48%-ын алады, бұл ұжымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтындығын куәландырады. Қазіргі уақытта тіркелген 857 үй ошағы бар, онда 2161 қарым қатынаста болғандар медициналық бақылауда. Ал 2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында КВИ-дің 1103 жағдайы тіркелді, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 263 немесе 23,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында 840 жағдай, яғни 76,2% құрайды.
 
Ол өз сөзінде қалада 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлерін, 1 наурыздан бастап педагогтар мен күш құрылымдарының қызметкерлерін вакцинациялау басталғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта 1 компонентпен 2241 адам, 2 компонентпен – 824 адам қамтылған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны