Қазақстанда 11 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 766 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 346 497. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 249;
Алматы қаласында – 430;
Шымкент қаласында – 75;
Ақмола облысында – 114;
Ақтөбе облысында – 24;
Алматы облысында – 125;
Атырау облысында – 38;
ШҚО-да – 79;
Жамбыл облысында – 42;
БҚО-да – 108;
Қарағанды облысында – 262;
Қостанай облысында – 25;
Қызылорда облысында – 27;
Маңғыстау облысында – 13;
Павлодар облысында – 119;
СҚО-да – 12;
Түркістан облысында - 24.
Қазақстанда өткен тәулікте 2 329 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 301 857, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
11 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 41 094 адам (40 692 КВИ+ және 402 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 15 068 науқас стационарларда, ал 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 802 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 186 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 105 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 10 мамыр аралығында коронавирустан жалпы 3 948 өлім тіркелді. 9 мамырда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 9 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 48 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 571, 837 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 332 жетті.
2021 жылдың 11 мамырға Қазақстанда 1 698 893 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 11 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.