11.01.2022, 10:34 24616

РФ азаматтары Қазақстаннан Отанына 11 қаңтарда ұша алады

Әуежай терминалында 9:00-ден 15:00-ге дейін жиналу керек.
РФ азаматтары Қазақстаннан Отанына 11 қаңтарда ұша алады
АЛМАТЫ. 11 ҚАҢТАР - Ресейдің Қазақстандағы елшілігі Ресей азаматтары 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматы әуежайынан ұша алатынын хабарлады.
 

11 қаңтарда Алматы халықаралық әуежайынан "Чкаловский" әуежайына (Мәскеу облысы) ресейліктерді отанына жеткізу үшін Ресей қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясының рейсі орындалады. Ауа райы жағдайына байланысты қонуға Ресей әуе-ғарыш күштерінің басқа аэродромдары пайдаланылуы мүмкін", — делінген елшілік хабарламасында.

 
Әуежай терминалында 9:00-ден 15:00-ге дейін жиналу керек.
 
Ресей азаматтарынан "бір жолаушы – бір қол жүгі" шектеуіне сүйене отырып, жарамды төлқұжаттарын ұмытпауды, сондай-ақ жеке заттарын тұтастыруды сұрады. Төтенше жағдайға байланысты әуежай қызметтері багажды бортқа тиеу қызметін көрсетпейді.
 
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Ресей әскери ұшағы Қазақстаннан Ресейге 146 адамды, оның ішінде алты Венгрия азаматы және бес Австрия азаматын тасымалдаған болатын. 
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны