29.03.2021, 16:02 7301

Алматыда қатаң карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды

Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы қатаң карантиндік шараларды 12 сәуірге дейін ұзарту туралы Қаулыға қол қойды.
АЛМАТЫ. Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы қатаң карантиндік шараларды 12 сәуірге дейін ұзарту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматы қаласындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі нашарлауын, мектеп жасындағы балалардың сырқаттанушылығының ұлғаюын ескере отырып, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын шектеу мақсатында Алматының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 наурыздағы №11 "Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды 2021 жылғы 21-28 наурыз аралығында күшейту туралы" қаулысының қолданылуын 12 сәуірге дейін қоса ұзартуды қаулы етемін", - делінген қаулыда.

 
Сонымен қатар, бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілуде.
 
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ТжКБ мен ЖОО студенттерін қашықтықтан оқыту форматына көшіру тапсырылды. 
 
Құжатқа сәйкес, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11 сыныптарында 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етіледі;
 
Алматы қаласының Дін істері басқармасына діни нысандардың (мешіттер, шіркеулер және т.б.) жұмысына қойылған шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды.
 
Жеке құдайға құлшылық етуге және дұға етуге рұқсат етіледі (намаз оқитын бөлмелерде және ұлттық салт-жораларды жасауға арналған бөлмелерде (неке-қию, шомылдыру рәсімі және т.б.) келушілер арасында кемінде 1,5 метр және дін өкілдері мен келушілер арасында кемінде 2,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер орналастырылады).
 
Ұжымдық қызметтерге тыйым салынады (жұма және бес рет намаз оқу, жиналыстар, жексенбілік қызметтер және т.б.). 
 
Қасиетті Рамазан айында бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады.
 
Сонымен қатар, жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізуге рұқсат етіледі.
 
Тұрғын үй саясаты басқармасына жүргізілетін профилактикалық дезинфекцияға қосымша қала саябақтары мен көшелерінде (орындықтар, банкоматтар, паркоматтар, төлем терминалдары және т.б.) шағын сәулет нысандары мен құрылғыларын дезинфекциялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны