25.11.2022, 11:19 25421

Қазақстанда бір тәулікте 139 адам коронавирус жұқтырған

25 қарашада КВИ-ден 854 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 139 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 396 204 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 25 қарашада КВИ-ден 854 адам (706 КВИ+ және 148 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 122 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 732 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 7 пациент,
 
- аса ауыр халде - 5 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 1 пациент бар.
 
23 қарашада коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы тіркелді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны