Қазақстанда 13 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 283 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-сұлтан қаласында – 389;
Алматы қаласында – 597;
Шымкент қаласында – 82;
Ақмола облысында - 104;
Ақтөбе облысында – 87;
Алматы облысында – 216;
Атырау облысында – 75;
ШҚО-да – 87;
Жамбыл облысында – 37;
БҚО-да – 97;
Қарағанды облысында – 250;
Қостанай облысында – 26;
Қызылорда облысында – 30;
Маңғыстау облысында – 37;
Павлодар облысында – 108;
СҚО-да - 35;
Түркістан облысында - 25.
Қазақстанда өткен тәулікте 2 791 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 307 464, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
13 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 39 626 адам (39 143 КВИ+ және 483 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 124 науқас стационарларда, ал 25 502 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 788 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 183 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 116 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 12 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 984 өлім жағдайы тіркелген. 11 мамырда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 11 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 173 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 70 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 757, 847 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 427 жетті.
2021 жылдың 13 мамырға Қазақстанда 1 757 407 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 13 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Жыл басынан бері карантин режимін бұзғаны үшін жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам 15 мыңға жуық айыппұл салынды. Бұл ретте бұзушылықтар бойынша "антилидерлер" Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстары, сондай-ақ Шымкент және Алматы болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.