Қазақстанда 14 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 549 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 452;
Алматы қаласында – 557;
Шымкент қаласында - 125;
Ақмола облысында - 130;
Ақтөбе облысында - 102;
Алматы облысында – 222;
Атырау облысында – 75;
ШҚО–да – 102;
Жамбыл облысында – 34;
БҚО–да – 123;
Қарағанды облысында – 348;
Қостанай облысында – 27;
Қызылорда облысында – 31;
Маңғыстау облысында – 46;
Павлодар облысында – 102;
СҚО-да - 25;
Түркістан облысында - 48.
Қазақстанда өткен тәулікте 2 704 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 310 168, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
14 мамырдағы жағдай бойынша КВИ-ден 39 472 адам (38 955 КВИ+ және 517 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 279 науқас стационарларда, ал 25 193 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 774 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 180 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 110 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 13 мамырына дейін коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 017 өлім жағдайы тіркелген. 12 мамырда КВИ-ден 33 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 12 мамыр 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 127 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 89 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53 884, 851 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52 516 жетті.
2021 жылдың 14 мамырға Қазақстанда 1 790 356 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 14 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта - Шымкент қ., Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта – Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.