20.05.2021, 23:01 10332

Қазақстанда 15 мыңнан астам нысан карантинді бұзды

Шектеу режимін бұзу оқиғаларының басым бөлігін карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу құрайды.
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Осы жылдың 1 қаңтары мен 17 мамыры аралығында мониторинг топтары 85 118 рейд жүргізіп, 530 887 нысанды тексерді. Аталмыш шаралардың нәтижесінде 15 170 нысанның (2,8%) карантин талаптарын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Шектеу режимін бұзу оқиғалары негізінен Шығыс Қазақстан (3746), Түркістан (2344), Алматы (984) облыстарында және Алматы (2115), Шымкент (1666) қалаларында анықталған.
 
Шектеу режимін бұзу оқиғаларының басым бөлігін карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу құрайды.
 

Жұмыс барысында 2 662 кезектен тыс тексеріс жүргізіліп, кәсіпкерлерге 2 438 ұйығарым тапсырылды. Сотқа 281 материал жіберілсе, 73 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды. 8 613 нысанға және 6 576 жеке тұлғаға жалпы сомасы 1, 210 млрд-тан астам теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Жеке тұлғалар көбіне қоғамдық орындарда (жабық ғимараттарда, көлікте) бетперде кимегені үшін жауапкершілікке тартылған", - деп нақтылады ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны