01.12.2022, 10:34 22531

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 167 жағдайы тіркелді

Мыңнан астам адам COVID-19-дан ем қабылдауды жалғастыруда
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 167 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 396 922 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 1 желтоқсанда КВИ-ден 1081 адам (937 КВИ+ және 144 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 167 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 914 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде - 7 пациент,
 
- аса ауыр халде - 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында - 2 пациент бар.
 
29 қарашада коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы анықталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны