18.03.2021, 16:25 9019

Қазақстанда 18 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 18 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 17 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 227 953 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 186 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 227 953. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 28 625 (+318); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 27 243 (+307); 
 
ШҚО–да – 22 523 (+18); 
 
Павлодар облысында – 18 641 (+44); 
 
Атырау облысында – 17 845 (+38); 
 
Қарағанды облысында – 16 488 (+100); 
 
Ақмола облысында – 14 693 (+55); 
 
БҚО-да – 13 997 (+64); 
 
Қостанай облысында – 13 256 (+45); 
 
СҚО–да – 12 805 (+21); 
 
Алматы облысында – 11 987 (+86); 
 
Шымкент қаласында – 6440 (+23); 
 
Жамбыл облысында – 6192 (+11); 
 
Ақтөбе облысында – 4588 (+32); 
 
Түркістан облысында – 4385 (+12); 
 
Маңғыстау облысында - 4319 (+8); 
 
Қызылорда облысында - 3926 (+4).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 807 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 208 881, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
18 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 19 871 адам (16 191 КВИ+ және 3 680 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 5 603 науқас стационарларда, ал 14 268 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 236 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 65 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 39 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 17 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 881 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 16 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 57 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 186 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 953, 659 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 45 614 жетті. 
 
2021 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны