25.01.2021, 21:05 21155

18 жасқа дейінгі балаларға КВИ-ден вакцинациялауға болмайды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Нұр-Сұлтан. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері мектеп жасындағы балаларды вакцинациялау мәселелері бойынша азаматтардың өтінішіне байланысты COVID-19 вакцинациясының тәртібі мен ережесін түсіндірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 "Халық денсаулығы туралы" Кодекстің 77-бабы негізінде кез келген екпе, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ерікті түрде жүзеге асырылады. Азаматтар вакцинациядан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.
 

18 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан адамдарға вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы мәлімет жоқ, сондықтан бұл жастағыларға екпе салынбайды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

 
Ведомство вакцинацияның қауіпсіз екенін атап өтті. Кез келген лицензиясы бар вакцина бірнеше сатыдан тұратын жіті тексерістен өтеді, содан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Вакцина нарыққа түскенен кейін де үнемі бақылауда болады.
 
Бұрын хабарланғандай, вакцинация ресейлік "Спутник V" препаратымен жүргізіледі. Вакцинациялау үшін емханада екі егу кабинеті, екі дәрігер, екі медбике, екі тіркеуші дайындалды.
 
КВИ-ге қарсы вакцинация эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.
 
1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызметтің медицина қызметкерлері вакцинациялана алады. 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-дың, педагогтер, медициналық қызмет қызметкерлері. 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар егу салдырады.
 
Вакцинация мемлекет есебінен жүргізіледі. Вакцинация 21 күндік айырмашылықпен екі кезеңде жүргізіледі. Вакцинаны алу үшін: медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы; жазбаша келісім беруі қажет.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:Денсаулық

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны