19.07.2021, 22:31 8171

Қазақстанда 19 шілдеге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 19 ШІЛДЕ - 2021 жылғы 18 шілде 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 494 222 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 5 317 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 367; 
 
Алматы қаласында – 798; 
 
Шымкент қаласында – 470; 
 
Ақмола облысында – 178; 
 
Ақтөбе облысында – 159; 
 
Алматы облысында – 126; 
 
Атырау облысында – 293; 
 
ШҚО-да – 87; 
 
Жамбыл облысында – 53; 
 
БҚО-да – 204; 
 
Қарағанды облысында – 689; 
 
Қостанай облысында – 126; 
 
Қызылорда облысында – 127; 
 
Маңғыстау облысында – 203; 
 
Павлодар облысында – 170; 
 
СҚО-да – 91; 
 
Түркістан облысы – 176.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 896 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 431 956 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
19 шілдеге КВИ-ден 58 887 адам (57 269 КВИ+ және 1 618 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 19 005 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 39 882 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 047 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 230 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 144 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 13 наурыз бен 18 шілде маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 997 өлім жағдайы тіркелген. 17 шілде күні КВИ-ден 41 адам қайтыс болды. 
 
17 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 26 жағдайы тіркелді, 7 адам қайтыс болды және 70 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурызда тіркелді: ауру – 58 631, өлім - 3 541, сауыққандар - 53 472.
 
Қазақстанда 2021 жылғы 18 шілдеге I компонентпен 4 895 174 адам вакцинацияланды, II компонентпен 2 798 360 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 19 шілдедегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Сары" аймақта - Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны