Қазақстанда 1 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 622 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 213 431. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 095 (+42);
Алматы қаласында - 25 073 (+96);
Шығыс Қазақстан облысында - 22 039 (+41);
Атырау облысында - 17 181 (+14);
Павлодар облысында - 17 617 (+82);
Қарағанды облысында - 15 433 (+32);
Ақмола облысында - 13 655 (+75);
Батыс Қазақстан облысында - 13 008 (+35);
Солтүстік Қазақстан облысында - 12 348 (+38);
Қостанай облысында - 12 374 (+62);
Алматы облысында - 10 866 (+70);
Шымкент қаласында - 6154 (+7);
Жамбыл облысында - 5956 (+9);
Түркістан облысында - 4285 (+1);
Маңғыстау облысында - 4230 (+4);
Ақтөбе облысында - 4268 (+6);
Қызылорда облысында - 3849 (+8).
Қазақстанда өткен тәулікте 547 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 196 889, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
1 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 20 140 адам (13 778 КВИ+ және 6 362 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 472 науқас стационарларда, ал 15 668 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 248 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 50 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 44 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 1 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 764 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 27 ақпан 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 214 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 294, 625 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 42 307 жетті.
2021 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.