10.08.2021, 19:04 8260

1 қыркүйектен бастап Алматыда қызметкерлердің вакцинациясын тексере бастайды

АЛМАТЫ. 10 ТАМЫЗ - Алматыда ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап еңбек ұжымдары қызметкерлерінің вакцинациясын тексере бастайды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін, 10 тамызда ҚР-да кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа жіберу үшін міндетті түрде вакцинациялау мерзімі аяқталады.
 
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, 10 тамызға дейін еңбек ұжымдарының қызметкерлері коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілуі тиіс. Ал 1 қыркүйекке дейін - екінші компонентпен. Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы үш ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар үшін ерекше жағдайлар көзделген. 
 
ҚР ДСМ Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов 1 қыркүйекке жақын вакцинацияны тексеру алгоритмі анықталатынын, осы күннен бастап тексеру басталатынын атап өтті.
 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №32 қаулысына сәйкес, вакцинацияны жүргізу мерзімдері анықталды: 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде - бірінші компонентпен профилактикалық егулер жүргізу, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде - COVID-19-ға қарсы вакцинасының екінші компонентімен (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда); демек, аяқталған курспен қызметкерлерді вакцинациялаумен қамтуды бақылау тек 1 қыркүйектен бастап жүргізілуі мүмкін", - деп түсіндірді департаментте.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны