29.06.2022, 16:45 9441

Қазақстанда 1 шілдеден бастап жануарларды атуға арналған лимиттер бекітілді

Құжатқа сәйкес, жануарлар мен құстардың жеке түрі бойынша лимит әр өңір үшін бөлек белгіленеді.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап жануарларды атуға арналған лимиттер бекітілді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің "2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы" бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, жануарлар мен құстардың жеке түрі бойынша лимит әр өңір үшін бөлек белгіленеді.
 
Осылайша, көрсетілген кезеңде 15 124 жабайы шошқа, 6 құдыр, 1110 марал, 11 185 елік, 515 бұлан, 1347 тау-теке, 150 қоңыр аю (Тянь-шаннан басқа), 126 сілеусін (Түркістандікінен басқа), 509 жанат тәрізді ит, 13 904 қарсақ, 57 764 түлкі, 15 132 борсық, 10 297 аққіс, 109 148 ондатр, 391 322 қоян, 637 саршұнақ, 304 430 суыр, 254 000 қаз, 886 000 үйрек, 52 758 балшықшы, 87 489 қырғауыл, 111 338 шілдер, 132 904 кептер, 1842 сұрқұр және т.б. атуға рұқсат етіледі.
 
Сондай-ақ, 20 киікті тек ғылыми мақсатта алуға рұқсат етіледі.
 
Бұл ретте Мәжіліс кулуарында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктердің саны 80 мыңға қысқартылатынын мәлімдеді.
 

Биологиялық негіздеу аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу қажеттілігі бар екенін айтады. Бұл Жайық популяциясы болады. Егер қазір оның саны 800 мыңнан сәл артық болса, онда 10 пайызға жуық, яғни 80 мың бас реттеуге жатады", - деді ол.

 
Сондай-ақ, министр ғылыми зерттеулер жүргізу үшін 500-ге жуық киікті алып қою жоспарланып отырғанын хабарлады.
 
Лимиттер бойынша толық ақпаратпен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны