09.08.2022, 16:20 9081

Қазақстанда 2025 жылға дейін студенттік стипендиялар мөлшері 2 есеге артады

Сонымен қатар, гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.
Қазақстанда 2025 жылға дейін студенттік стипендиялар мөлшері 2 есеге артады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Қазақстанда 2025 жылға дейін студенттік стипендиялар мөлшері 2 есеге артады, деп хабарлады Үкімет отырысы барысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Студенттердің стипендиясы да артып келеді. Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", — деді ғылым және жоғары білім министрі.

 
Сонымен қатар ол жоғары білім беру саласында мамандарды (92%) даярлауға басты назар аударылғанын атап өтті, магистратура деңгейінде – 5,8%, докторантура деңгейінде – 0,94% ғана оқиды. 
 

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бакалавриаттың арақатынасы 30-дан 45%-ға дейін, магистратура - 10%-дан астам, докторантура - 2%-дан астам болуы тиіс", - деді Саясат Нұрбек.

 
Оның мәліметінше, 2021-2022 оқу жылына контингенттің жалпы саны 623 839 адамды құрады. Бакалавриат бойынша - 575 511, магистратура бойынша - 36 483, докторантура бойынша - 5924.
 
Барлығы – 120 ЖОО. 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрады. Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 36 мың адам.
 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды", — деді ғылым және жоғары білім министрі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны