23.09.2022, 15:50 30611

Қазақстанда сенбі күндері 20 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтін болады

Қазақстанда сенбі күндері 20 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтін болады
АСТАНА. 23 ҚЫРКҮЙЕК - Мамандандырылған ХҚО-лардағы жұмыстың артуына байланысты, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ондағы жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді еліміздің 20 мамандандырылған ХҚКО сенбі күндері мемлекеттік қызметтер бойынша өтінімдерді қабылдайтын болады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Енді елімізде 20 МХҚО сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін мемлекеттік қызметтер бойынша өтінім қабылдайды, ал құжаттарды беру сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін болады.
 

Ақтөбеде, Атырауда, Оралда, Ақтауда және Қызылордада кезекші МХҚО Астана уақыты бойынша сағат 10-00-ден 14-00-ге дейін қабылдайды, ал құжаттарды сағат 16-00-ге дейін береді", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" МК.

 
Сонымен қатар қазақстандықтар кезекті "Мобильді ХҚКО" қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электрондық үкімет порталы және 1414 бірыңғай байланыс орталығының нөмірі арқылы алдын ала брондай алады.
 
Кезекші ХҚО мен МХҚО жаңа жұмыс кестесімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, Telegram) танысуға болады. 
 
Бағдат Мусин мамандандырылған ХҚКО-ларда кезек мәселесін бақылауға алды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны