07.11.2022, 12:34 13086

Қазақстанда бір тәулікте 20 адам коронавирус жұқтырды

КВИ-ден 719 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 7 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 20 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 000 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 7 қарашада КВИ-ден 719 адам (571 КВИ+ және 148 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 86 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 633 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 6 пациент,
 
- аса ауыр халде – 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 844 174 адам вакцинацияланды, 2-ші компонентпен 10 607 250 адам вакцинацияланды. 5 629 544 адам ревакцинацияланды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны