08.12.2022, 08:57 32631

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 219 жағдайы анықталды

6 желтоқсанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді
Астана. 8 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 219 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 398 061 жағдай тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 8 желтоқсанда КВИ-ден 1 556 адам (1 348 КВИ+ және 208 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

- стационарларда - 234 пациент бар;

- амбулаториялық деңгейде - 1 322 пациент.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

- ауыр халде - 8 пациент,

- аса ауыр халде - 4 пациент,

- ӨЖЖ аппаратында - 4 пациент бар.

6 желтоқсанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 18 жағдайы тіркелді. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны