21.03.2021, 16:31 8133

Қазақстанда 21 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 21 НАУРЫЗ - Қазақстанда өткен тәулікте 1 171 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 237, Алматы қаласы - 353, Шымкент қаласы - 15, Ақмола облысы - 49, Ақтөбе облысы - 37, Алматы облысы - 94, Атырау облысы - 45, Шығыс Қазақстан облысы - 25, Жамбыл облысы - 19, Батыс Қазақстан облысы - 87, Қарағанды облысы - 75, Қостанай облысы - 43, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 18, Павлодар облысы - 40, Солтүстік Қазақстан облысы - 25, Түркістан облысы - 5.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 231 698.

Қазақстанда өткен тәулікте 678 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 211 127.

19.03.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 196 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 100, 661 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46 181 жетті.

21 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 20 912 адам (17 654 КВИ+ және 3 258 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 185 науқас стационарларда, ал 14 727 науқас амбулаториялық деңгейде.

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:

• ауыр жағдайда – 259 науқас;

• аса ауыр жағдайда – 63 науқас;

• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 37 науқас.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны