23.03.2021, 18:12 6342

Қазақстанда 23 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 23 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 22 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 234 007 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 101 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 234 007. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 30 586 (+395); 
 
Нұр-Cұлтан қаласында – 28 409 (+161); 
 
ШҚО–да – 22 650 (+29); 
 
Павлодар облысында – 18 844 (+33); 
 
Атырау облысында – 18 055 (+48); 
 
Қарағанды облысында – 16 938 (+91); 
 
Ақмола облысында – 14 949 (+53); 
 
БҚО-да – 14 399 (+61); 
 
Қостанай облысында – 13 470 (+41); 
 
СҚО–да – 12 914 (+13); 
 
Алматы облысында – 12 454 (+94); 
 
Шымкент қаласында – 6548 (+11); 
 
Жамбыл облысында – 6273 (+17); 
 
Ақтөбе облысында – 4776 (+40); 
 
Түркістан облысында – 4434 (+8); 
 
Маңғыстау облысында - 4363 (+2); 
 
Қызылорда облысында - 3945 (+4).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 337 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 212 091, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
23 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 21 888 адам (18 982 КВИ+ және 2 906 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 6 418 науқас стационарларда, ал 15 470 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 291 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 69 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 37 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 22 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 934 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 21 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 188 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 131, 664 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 46 561 жетті. 
 
2021 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Батыс Қазақстан облысы орналасқан. 
 
"Сары" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны