16.11.2021, 18:19 9878

Алматыда 25-маршруттағы автобустарға тас лақтырған бұзақылар ұсталды

Жасөспірімдер ювеналды полицияның есебіне қойылды.
Алматыда 25-маршруттағы автобустарға тас лақтырған бұзақылар ұсталды
Сурет: Вячеслав Павленконың Facebook-тегі парақшасынан
АЛМАТЫ. 16 ҚАРАША - Алматыда 25-маршруттағы автобустарға тас лақтырған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
 
Қалалық полиция департаментінде түсіндірілгендей, автокәсіпорын басшысы Алматы қаласы Алатау ауданының полиция Басқармасына бұзақылық әрекеттер жасағаны туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, бір ай ішінде белгісіз біреулер 25-ші бағыттағы бес қоғамдық көліктің терезелерін сындырған.
 

Тексеру іс-шаралары барысында бұзақылар анықталды. Олар қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары болып шықты. Біздің ауданда тұрады. Олардың ата-аналары балалардың заңсыз әрекеттері үшін ҚР ӘҚбК-нің 435 бабы - кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық бойынша жауапқа тартылды. Бұл баптың санкциясы 7 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады", - деп хабарлады Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

 
Сонымен қатар, жасөспірімдер ювеналды полицияның есебіне қойылды. Жас жігіттермен және олардың ата-аналарымен түсіндірме әңгіме жүргізілді.
 

Мені Алатау ауданының ПБ шақырды. Біздің автобустардың әйнегін сындырған бұзақылар ұсталды. Полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді", - деп нақтылады өз кезегінде автокөлік компаниясының өкілі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны