Қазақстанда 25 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 445 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 506;
Алматы қаласында - 181;
Шымкент қаласында - 50;
Ақмола облысында - 33;
Ақтөбе облысында - 20;
Алматы облысында - 37;
Атырау облысында - 61;
ШҚО-да - 87;
Жамбыл облысында - 31;
БҚО-да - 70;
Қарағанды облысында - 147;
Қостанай облысында - 34;
Қызылорда облысында - 31;
Маңғыстау облысында - 41;
Павлодар облысында - 49;
СҚО-да - 25;
Түркістан облысында - 33.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 235 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 389 406 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
25 маусымға КВИ-ден 22 325 адам (21 025 КВИ+ және 1 300 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 6 738 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 15 587 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 409 пациент,
- аса ауыр халде – 104 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 68 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 24 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға ПТР-тесті оң коронавирустан 4 281 өлім жағдайы тіркелген. 23 маусымда КВИ-ден 13 адам қайтыс болды.
23 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 78 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді, 43 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы 56 786 жағдай тіркелді, оның ішінде 978 адам қайтыс болды. 52 049 адам сауығып кетті.
Қазақстанда 2021 жылғы 25 маусымға I компонентпен 2 997 072 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 829 649 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 25 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
"Сары" аймақта: Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Акмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Павлодар облыстары және СҚО.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.