Қазақстанда 27 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 849 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 297;
Алматы қаласында – 290;
Шымкент қаласында – 91;
Ақмола облысында – 129;
Ақтөбе облысында – 64;
Алматы облысында – 90;
Атырау облысында – 75;
ШҚО-да – 80;
Жамбыл облысында – 32;
БҚО-да – 98;
Қарағанды облысында – 320;
Қостанай облысында – 41;
Қызылорда облысында – 21;
Маңғыстау облысында – 47;
Павлодар облысында – 97;
СҚО-да – 38;
Түркістан облысында - 39.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 196 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 345 984 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
27 мамырға КВИ-ден 30 872 адам (30 297 КВИ+ және 575 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 11 724 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 19 148 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
ауыр халде – 682 пациент,
аса ауыр халде – 166 пациент,
ӨЖЖ аппаратында – 100 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 26 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 879 өлім жағдайы тіркелген. 25 мамырда КВИ-ден 23 адам қайтыс болды.
2021 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 107 жаңа жағдайы тіркелді.
2021 жылдың 27 мамырына Қазақстанда 2 056 768 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 27 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Акмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.