Қазақстанда 28 мамырға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 747 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 246;
Алматы қаласында – 279;
Шымкент қаласында – 63;
Ақмола облысында – 127;
Ақтөбе облысында – 53;
Алматы облысында – 97;
Атырау облысында – 85;
ШҚО–да – 95;
Жамбыл облысында – 17;
БҚО–да – 95;
Қарағанды облысында – 324;
Қостанай облысында – 42;
Қызылорда облысында – 13;
Маңғыстау облысында – 42;
Павлодар облысында - 105,
СҚО-да - 40,
Түркістан облысында - 24.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 444 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 348 428 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
28 мамырға КВИ-ден 30 153 адам (29 576 КВИ+ және 577 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 11 432 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 18 721 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 665 пациент,
- аса ауыр халде – 154 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 101 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 27 мамыр аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 3 903 өлім жағдайы тіркелген. 26 мамырда КВИ-ден 24 адам қайтыс болды.
2021 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша CОVID-19 белгілері бар пневмонияның 80 жаңа жағдайы (КВИ-ге теріс ПТР-тесті) және 2 өлім жағдайы тіркелді.
2021 жылдың 28 мамырына Қазақстанда 2 076 841 адам вакцинацияланды.
Қазақстан өңірлеріндегі 2021 жылғы 28 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Акмола, Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары және СҚО.
"Жасыл" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.