Қазақстанда 29 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 883 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 316 695. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 53 144 (+695);
Нұр-Сұлтан қаласында – 44 562 (+584);
ШҚО–да – 24 745 (+92);
Қарағанды облысында – 23 100 (+258);
Атырау облысында – 21 783 (+110);
Алматы облысында – 20 944 (+185);
Павлодар облысында – 20 527 (+112);
БҚО-да – 19 030 (+153);
Ақмола облысында – 18 146 (+140);
Қостанай облысында – 14 683 (+25);
СҚО–да – 13 939 (+27);
Шымкент қаласында – 9226 (+114);
Ақтөбе облысында – 8984 (+128);
Жамбыл облысында – 7737 (+79);
Маңғыстау облысында – 5618 (+62);
Түркістан облысында - 5370 (+42);
Қызылорда облысында - 5427 (+77).
Қазақстанда өткен тәулікте 2 850 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 271 289, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
29 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 42 526 адам (42 038 КВИ+ және 488 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 14 709 науқас стационарларда, ал 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 760 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 199 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 114 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 28 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 638 өлім тіркелді. 27 сәуірде КВИ-ден 17 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 27 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 112 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 52 739, 791 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 460 жетті.
2021 жылдың 29 сәуіріне Қазақстанда 1 092 757 адам вакцинацияланды.
2021 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.