01.10.2021, 21:08 93039

Алматыда жылыту маусымы 2 қазанда басталады

Жылу жүйесіне ең алдымен денсаулық сақтау, білім ғимараттары мен басқа да әлеуметтік объектілер қосылады.
АЛМАТЫ. 1 ҚАЗАН - Алматыда 2 қазан күні 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы басталады.
 
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, жылыту маусымы қолайсыз метеорологиялық болжамдар мен Алматыдағы ауа райының күн сайынғы мониторингіне байланысты мерзімінен бұрын басталатын болды.
 
Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, жылу жүйесіне ең алдымен денсаулық сақтау, білім ғимараттары мен басқа да әлеуметтік объектілер қосылады.
 
Одан кейін жылу көппәтерлі тұрғын үйлер, содан соң жылу энергиясының басқа да тұтынушыларына беріледі.
 
Қазіргі таңда қаладағы жылу көздерінің, газ желілерінің, қазандықтардың дайындығы 100% қамтамасыз етілген.
 
Алматыда тұрғын үй қорының 8 257 объектісіне, 443 білім және 91 денсаулық сақтау объектісіне жылу беріледі.

28 қыркүйек күні Алматының Энерготиімділік басқармасы жылыту маусымына дайындық кезінде қандай қиындықтарға тап болғанын айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны