31.03.2021, 18:08 8983

Қазақстанда 31 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - 2021 жылғы 30 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 244 981 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 663 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 244 981. Аймақтар бойынша: 
 
Алматы қаласында – 34 083 (+526); 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 30 594 (+356); 
 
ШҚО–да – 22 846 (+24); 
 
Павлодар облысында – 19 110 (+20); 
 
Атырау облысында – 18 652 (+75); 
 
Қарағанды облысында – 17 656 (+93); 
 
Ақмола облысында – 15 322 (+38); 
 
БҚО-да – 15 048 (+96); 
 
Қостанай облысында – 13 784 (+37); 
 
СҚО–да – 13 047 (+21); 
 
Алматы облысында – 13 478 (+191); 
 
Шымкент қаласында – 6805 (+47); 
 
Жамбыл облысында – 6397 (+24); 
 
Ақтөбе облысында – 5236 (+82); 
 
Түркістан облысында – 4485 (+7); 
 
Маңғыстау облысында - 4409 (+13); 
 
Қызылорда облысында - 4029 (+13).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 063 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 219 094, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
31 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-ден 24 642 адам (22 841 КВИ+ және 1 801 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 8 327 науқас стационарларда, ал 16 315 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 353 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 76 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 46 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 30 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 3 046 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 29 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 82 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 199 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 50 525, 688 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 48 036 жетті. 
 
2021 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары орналасқан. "Сары" аймақта: Алматы және Қарағанды облыстары. "Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер. 
 
2021 жылғы 31 наурыздағы халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялауды жүргізу туралы ақпарат: 
 
Вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 134 841 адам. 
 
Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 38 588 адам.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны