27.04.2021, 23:15 5671

Алматы жолдарында 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды

Барлығы 240 шаршы метрден астам асфальтбетонды жол, 40 аялдамалар қалталары мен алаңдарды жөндеу жоспарлануда.

АЛМАТЫ. 27 СӘУІР - Мегаполисте жолдарды ағымдағы жөндеу жалғасуда, 460 көшедегі 3 мыңға жуық шұңқыр жойылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуір айының басынан бері қолайлы ауа райы жағдайында қала көшелерінде 2 936 ақау жойылды, 459 көшедегі ойлы шұңқырлар,шөгулер қалпына келтірілді. Оның ішінде 96 магистральды, 363 аудандық маңызы бар жолдар. Жөнделген жолдардың жалпы алаңы 56 729 шаршы метрді құрайды. Жұмыс барысында 656 люк пен тор көтеріліп, 1 370 қума метр бордюр тастары қалпына келтірілді.

Барлығы 240 шаршы метрден астам асфальтбетонды жол, 40 аялдамалар қалталары мен алаңдарды жөндеу жоспарлануда.

Күн сайынғы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника бірлігі жұмылдырылуда.

27 сәуірдегі жол жұмыстарының жоспары:

Алатау ауданы: ТР Күдерин Рысқұлов, Мөңке Би көшесі.

Жетісу ауданы: Айнабұлақ шағын ауданы, Есім хан көшесі, Қазыбаев көшесі.

Әуезов ауданы: Садовников көшесі, Пятницкий көшесі, 2-ші шағын аудан, Щепкин көшесі.

Наурызбай ауданы: Ақбата көшесі, Сағдиев көшесі, Елібаев көшесі, Смайылов көшесі.

Алмалы ауданы: Дүйсенов көшесі, Карьерная көшесі.

Медеу ауданы: Уәлиханов көшесі, Төлебаев көшесі, Игишев көшесі.

Түрксіб ауданы: Баймағамбетов көшесі, Жас Қанат шағын ауданы, Айтықов көшесі.

Бостандық ауданы: Қожакеев көшесі, Мұстафин көшесі, Биокомбинатская көшесі, Көктем шағын ауданы.

Қала тұрғындарының өз бағыттарын алдын ала белгілеп алуларын сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны