24.05.2022, 15:41 7631

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 4 жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустың 4 жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 4 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 701 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 мамырда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 1 жағдайы тіркелді.
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
24 мамырға КВИ-ден 128 адам (83 КВИ+ және 45 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 47 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 81 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 4 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 24 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 499 204 адам, 2-ші компонентпен - 9 272 513 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 308 748 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны