05.03.2021, 15:06 11678

Қазақстанда 5 наурызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

Нұр-Сұлтан. 5 наурыз. Kazakhstan Today - 2021 жылғы 4 наурыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустың 216 467 жағдайы расталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. 
 
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 216 467. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 25 444 (+132); 
 
Алматы қаласында - 25 535 (+134);
 
ШҚО-да - 22 216 (+39); 
 
Атырау облысында - 17 301 (+40); 
 
Павлодар облысында - 17 932 (+78); 
 
Қарағанды облысында - 15 621 (+61); 
 
Ақмола облысында - 13 910 (+57); 
 
БҚО-да - 13 262 (+72); 
 
СҚО-да - 12 486 (+37); 
 
Қостанай облысында - 12 617 (+59); 
 
Алматы облысында - 11 076 (+47); 
 
Шымкент қаласында - 6262 (+27); 
 
Жамбыл облысында - 6002 (+17); 
 
Түркістан облысында - 4311 (+5); 
 
Маңғыстау облысында - 4264 (+11); 
 
Ақтөбе облысында - 4336 (+28); 
 
Қызылорда облысында - 3892 (+13).
 
Қазақстанда өткен тәулікте 840 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 200 440, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
5 наурыздағы жағдай бойынша КВИ-дан 18 882 адам (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 4 506 науқас стационарларда, ал 14 376 науқас амбулаториялық деңгейде. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
• ауыр жағдайда – 226 науқас; 
 
• аса ауыр жағдайда – 53 науқас; 
 
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 50 науқас. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 4 наурыз аралығында коронавирустан жалпы 2 791 өлім тіркелді. 
 
Сонымен қатар, 3 наурыз 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 44 жағдайы тіркелді. Оған қоса 224 адам емделіп шықты. 
 
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 49 462, 635 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 43 181 жетті. 
 
2021 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны