09.11.2022, 13:36 8661

Қазақстанда бір тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды

КВИ-ден 720 адам ем алуды жалғастыруда.
Астана. 9 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 66 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 395 113 жағдай тіркелді.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 9 қарашада КВИ-ден 720 адам (574 КВИ+ және 146 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 70 пациент бар;
 
- амбулаториялық деңгейде - 650 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
 
- ауыр халде – 7 пациент,
 
- аса ауыр халде – 2 пациент,
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар.
 
7 қарашада коронавирус белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны