06.08.2021, 18:33 7524

Қазақстанда 6 тамызға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай: коронавирус пен пневмониядан 155 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. 6 ТАМЫЗ - 2021 жылғы 5 тамызға 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 618 513 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 769 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында – 1 507; 
 
Алматы қаласында – 1 507; 
 
Шымкент қаласында – 549; 
 
Ақмола облысында – 260; 
 
Ақтөбе облысында – 387; 
 
Алматы облысында – 300; 
 
Атырау облысында – 340; 
 
ШҚО-да – 305; 
 
Жамбыл облысында – 173; 
 
БҚО-да – 168; 
 
Қарағанды облысында – 1038; 
 
Қостанай облысында – 265; 
 
Қызылорда облысында – 194; 
 
Маңғыстау облысында – 200;
 
Павлодар облысында – 303; 
 
СҚО-да – 160; 
 
Түркістан облысында – 113.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 7 696 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 507 661 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
6 тамызға КВИ-ден 107 807 адам (104 321 КВИ+ және 3 486 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 30 139 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 77 668 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 1 884 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 400 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 187 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 5 тамызына дейін коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 6 531 өлім жағдайы тіркелген. 4 тамыз күні КВИ-ден 129 адам қайтыс болды. 
 
4 тамыз күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 413 жағдайы тіркелді, 26 адам қайтыс болды және 124 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 62 564, өлім – 3 840, сауыққандар – 55 238. 
 
Қазақстанда 2021 жылғы 5 тамызға I компонентпен 5 634 981 адам вакцинацияланды, II компонентпен 4 231 204 адам вакцинацияланды. 
 
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 6 тамыздағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. 
 
"Жасыл" аймақта - Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны