09.03.2022, 18:38 12961

Астанаэнергосбытқа 6 млн теңгеден астам айыппұл салынады

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 6 млн.теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін және тұтынушыларға қаражатты қайтару ұйғарылды.
НҰР-СҰЛТАН. 9 НАУРЫЗ - «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 6 млн.теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін және тұтынушыларға қаражатты қайтару ұйғарылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰЭМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белігілі болғандай, елордалық тұтынушылардың өтініштері негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі талаптарының сақталуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.

Жоспардан тыс тексеру барысында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзу фактілері анықталды. Осылайша, «Астанаэнергосбыт» ЖШС 2021 жылғы қараша, желтоқсан айларында және 2022 жылғы қаңтар айында тұтынушыларға Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес орташа тәуліктік есептеу бойынша көрсеткіштер қойған (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген). Ал, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы және Тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты тұтынушылардың тұтынылған электр энергиясы үшін ақы төлеуі коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізілетінін айтады", - деп хабарлады ҰЭМ.


Нәтижесінде, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 167-бабы бойынша, 6 126 000 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, ТМРКД Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарды, онда электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша тұтынушыларға қайта есептеу жүргізу көзделген.

Алайда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келіспей, материалдарды Нұр-Сұлтан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға беру туралы өтініш жасады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы Департамент шығарған нұсқамаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, жоғары тұрған органға шағым жасалды", - деп хабарлады Министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны