24.02.2023, 08:53 38481

Қазақстанда 7 облыста тасжолдарда қозғалыс шектеулері жалғасуда

Республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде шектеулер енгізілді
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 24 ақпан сағат 08:40 жаңартылған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның 7 өңіріңде ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі де жабық тұр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" хабарлады.

Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы 2 018 шақырымды құрайды. Бұл республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 8%-ы", - деп атап өтті компанияда.


Жол қозғалысына енгізілген шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталып тұр.

Бүгін республикалық желіде 400 бірлік арнайы техника және 530 жол жұмысшысы жұмыс істеуде.

 "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, бүгінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық майдандардың әсерінен Қазақстанның үлкен аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады - жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР аумағы бойынша көктайғақ, тұман, найзағай, желдің күшеюі күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны