Қазақстанда 8 сәуірге арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 2 586 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 261 503. Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында – 38 938 (+710);
Нұр-Сұлтан қаласында – 34 007 (+578);
ШҚО–да – 23 151 (+55);
Павлодар облысында – 19 358 (+28);
Атырау облысында – 19 446 (+137);
Қарағанды облысында – 18 546 (+160);
Ақмола облысында – 15 797 (+98);
БҚО-да – 15 900(+125);
Алматы облысында – 15 611 (+325);
Қостанай облысында – 14 063 (+33);
СҚО–да – 13 184 (+16);
Шымкент қаласында – 7312 (+81);
Жамбыл облысында – 6613 (+39);
Ақтөбе облысында – 6120 (+117);
Түркістан облысында – 4617 (+19);
Маңғыстау облысында - 4595 (+43);
Қызылорда облысында - 4245 (+22).
Қазақстанда өткен тәулікте 1 499 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны - 229 538, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
8 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-ден 29 655 адам (28 794 КВИ+ және 861 КВИ–) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 10 828 науқас стационарларда, ал 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
• ауыр жағдайда – 522 науқас;
• аса ауыр жағдайда – 151 науқас;
• өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратында – 87 науқас.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 13 наурыз бен 7 сәуір аралығында коронавирустан жалпы 3 171 өлім тіркелді.
Сонымен қатар, 6 сәуір 2021 жылы коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 100 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 186 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 51 055, 718 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 49 476 жетті.
2021 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда және Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта - қалған барлық өңірлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.