16.03.2021, 18:25 8022

Білім беру ұйымдарында санэпидталаптардың сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажет - Денсаулық сақтау министрлігі

Нұр-Сұлтан. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты бақылауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Оқытуды оффлайн режимде біртіндеп іске қосуды ескере отырып, оқушылардың сырқаттанушылығына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Оқушылар арасында жағдайларды тіркеу жалғасуда. Республика бойынша ауырғандардың жалпы саны 0,2%-дан аспайды", - деді Цой.

 
Ол оффлайн режимде білім алушылар санының артуына байланысты аумақ әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және білім беру ұйымдарында КВИ-дің алдын алудың негізгі шараларының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.
 
Оның айтуынша, қазіргі уақытта карантиндік шаралар өңірлерде және жекелеген мектепте сырқаттанушылықты ескере отырып, сараланған түрде қолданылады.
 

Білім беру объектілерін оффлайн режимде оқытуға дайындау мақсатында карантин режимі талаптарының сақталуы тұрғысынан 3 266 тексеру жүргізілді, оның барысында 282 мектепте немесе 8,6% бұзушылықтар анықталды. Қазіргі уақытта барлық анықталған бұзушылықтар жойылды", — деді А. Цой.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны