13.04.2021, 19:02 6857

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні қаупі сақталады

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының еруі мен тұрақсыз жағдайына байланысты 13-16 сәуір аралығында қар көшкінінің түсу қаупі сақталады.
АЛМАТЫ. 13 СӘУІР - "Қазгидромет" Алматы тұрғындарына Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкінінің түсу қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар жамылғысының еруі мен тұрақсыз жағдайына байланысты 13-16 сәуір аралығында қар көшкінінің түсу қаупі сақталады. Қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыз", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны